Жол жөндеу
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ.Әбдәлиев ауылдық округіндегінде 14 көше жөндеуден өтті

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Әбдәлиев ауылдық округіндегі жол құрылысы жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.

Биыл Қ.Әбдәлиев ауылдық округінде ауыл көшелері жаңарып, ішкі орам жолдары төселді. Атап айтсақ, Рабат елді мекеніндегі Қажымұхан көшесіне жасалатын орта жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен 5 515 000 теңге бөлініп, 0,35 шақырым жол жөнделді.

Сондай-ақ, Рабат елді мекені «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 14 көшеге республикалық бюджет есебінен 115 380 000 теңге қаржы бөлініп, 5,49 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көше жарығы орнатылды. Сонымен қатар М.Өзтүрік көшесіне аяқжол төселді. Бұдан бөлек, Қызылдала елді мекенінде 3,4 шақырым ішкі жолдар асфальттанды.

Еңбекші елді мекеніндегі Береке көшесіне жасалатын орта жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен 20 678 000 теңге бөлініп, 1,3 шақырым жол жөнделді.

Атбұлақ елді мекені Үмбеталиев көшесіне жасалатын орта жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджеттен 34 387 000 теңге бөлініп, 2,15 шақырым жол жөндеуден өтті.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қарабаулық тұрғындар таза ауызсуын тұтынып отыр

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛҒАН

azatmedia

Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды

azatmedia

Пікір қалдыру