Ауыл кәсіпкерлері
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі инвестиция тарту жоспарын толығымен орындап отыр

Қазығұрт ауданы, Қ. Әбдалиев ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандардың саны артып келеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ. Әбдалиев ауылдық округінде шағын және орта бизнестің жалпы 32 нысаны жұмыс істеуде. Ауылдық округ кәсіпкерлік сала бойынша жыл басынан бері 6 инвестициялық жоба ұсынылған болатын, бүгінде аталмыш жоба толығымен іске қосылып отыр.

Атап айтатын болсақ, 200 мал басына арналған екі бордақылау алаңы, екі азық-түлік дүкені іске қосылса, шлакоблок цехі де ашылылған, сондай-ақ 1500 бастық бөдене фермасы өз жұмысына кіріскен. Аталған жобалардың жалпы құны 275 млн.теңгені құрап отыр. Бүгінгі таңда бюджеттік емес инвестиция  тарту бойынша Қ. Әбдалиев ауылдық округі жоспарды толығымен орындады.

Сонымен қатар, Рабат елді мекенінде 100 орында «Береке» балабақшасы ашылды. Сондай-ақ дәл осы елді мекенде 150 орында екі қабатты «Бинұр» балабақшасы ашылып, тұрғындарды игілігне беріліп отыр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта кәсіпкерлік саласы жанданып келеді

azatmedia

Пікір қалдыру