бизнес
Қоғам

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта кәсіпкерлік саласы жанданып келеді

Қазығұрт ауданы, Қ.Әбдалиев ауылдық округінің тұрғындары кәсіпкерлікке бет бұра бастады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.

Бүгін де өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлікке ден қойғандар көбейіп саны артып отыр. Әрине де бұл мемлекеттің кәсіпкерлерге деген қамқорлығы, одан қалса кәсіпкерлік бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының арқасында.

Осындай мемлекеттік қолдау аясында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Әбдалиев ауылдық округінің тұрғындары да бағдарламалардың игілігін көруде.  Мәселен, Рабат елді мекенінің тұрғыны Кузембаева Ұлбала кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көріп, бүгінде тігін цехын ашып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Аталмыш тігін цехта бүгінде 11 адам жұмыс жасып, өз нәпәқаларын табуда.

Сондай-ақ Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің 25 тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырына қанық болу үшін арнайы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, «Максимум» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ-нан  123,3 млн. теңге несие алып, жергілікті аймақтың дамуына үлестерін қосып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Сонымен қатар, жастар жылы аясында «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша Қ.Әбдәлиев ауыл округінен 18-29 жас аралығындағы 10 жас азамат өз кәсібін ашу үшін аранайы оқу курысынан өтіпі 555 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантына қол жеткізіп отыр.

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте карантин 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ӨКІЛІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру