Біртанов
Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы пайда болды

Қазақстандықтар денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановты қолдау акциясын бастады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі қолданушылары «Мен, біз – Елжан Біртанов» жазуымен сурет таратып жатыр.

5 қарашада Желіде Біртановпен таныс болған, бірге оқыған және еңбек еткен адамдар экс-министрді қолдауға арналған ашық хат жариялады. Хатқа қазақстандық танымал медицина орталықтарының басшылары қол қойған.

Олардың ішінде University Medical Center корпоратив қорының басшысы Юрий Пя, Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақов, Ұлттық ғылыми медицина орталығының басқарма төрағасы Абай Байгенжин және басқалары бар.

UMC баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz тілшісіне Юрий Пяның ашық хатқа қол қойғанын растады.

«Денсаулық сақтау министрлерінің ішінде науқастар мен әріптестеріне әрдайым ашық, санитардың жолынан бастап токсиколог дәрігер, бөлім меңгерушісі, ғылыми орталық, медицина холдингі басшысынан министрге дейінгі жолды өткен маман құрметке лайық. 

Әлемнің үздік университеттері мен клиникаларында тамаша дайындықтан өткен, ағылшын мен қазақ тілдерін еркін меңгерген, практикалық тәжірибесі мол Елжан Біртанов әлемнің көптеген жерінде әріптестерінің құрметіне ие болып, елімізге үздік шетелдік тәжірибе мен мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрлігіне келуі еліміздің көптеген дәрігері тарапынан зор ықыласпен және ізгі ниетпен қабылданды», – делінген хатта.

Ашық хатқа қол қойған мамандар Елжан Біртановты тергеу кезінде үй жағдайына жіберуді сұрап отыр, өйткені ол пневмониямен ауыр сырқаттанған. 

Одан бөлек WhatsApp мессенджерінде экс-министрді қолдау мақсатында өлең жолдары тарап жатыр, авторы Абзал Салихов.

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Қатысты жаңалықтар

Түлкібас: Төтенше жағдай комиссиясының кезекті отырысы өтті

azatmedia

Жаңа әліппенің қашан қолданысқа енетіні белгілі болды

azatmedia

«Бәрің жедіңіздер, мемлекет қазынасына қайтаруды талап етемін!» – Президент жемқорларға 30 күн уақыт берді

azatmedia

Пікір қалдыру