55465465456465
Басты жаңалықтар Шоу-бизнес

Әбдіжаппар Әлқожа теріс қылығы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа беташарда ақшаны тағы да ерекше тастамақшы болып, көпшіліктен сөгіс естіді. Желідегілердің ойынша, өнер иесі ұлттық салт-дәстүрге мүлдем сыйластық танытпайды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Neonomad.kz сайтына сілтеме жасап.

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында кезекті беташарда ақшаны қалай тастағанын көрсетіп, ел ашуын тудырды. Көпшілік өнер иесінің қылығына шүйлігіп шықты. Бейнежазбада әншінің ақшаны тастар алдында елдің көзінше мостик жасағаны көрініс тапты. Оның үстіне шоу-бизнес жұлдызының видео астына қалдырған жазбасы да халыққа жақпай қалған.

«Өзіміздің той болғасын өзіміз білдік не істеуді. Нұржан Аташ отызға келіп орда бұзғасын оңай емес. Той құтты болсын. Нұрболат Абдуллин мені шешіндіргісі келеді ме? Серік Ибрагимов не істерін білмей тұр ма? Әзімбек Байлин дұрыс айтады ма? Мостик қалай?» , – деп жазды ол.

Олар әнші осымен екінші рет беташар кезінде ерсі әрекетке бой алдырғанын жарыса айтуда.

«Мақтанып не керек? Қашан қоясыңдар мақтануды?» , «Салт-дәстүрді құрметтемейді» , «Еркек деген салмақты болса ғой» , «Не мынау ? 20000 теңгелер жерде жатыр, аяқпен басып не сонша байлықтарың тасып жатыр ма?», «Не мақтаныш енді бұл?» , «Беташарды әбден мазақ етіп біттіңдер» , «Бұл салт-дәстүрге сыйластық пен құрметпен қараса болады ғой» , «Құтырып бітті. Каратинде іштері пысып, жаңа тпннд жасап жүр», – деп жазуда желі қолданушылары.

Қатысты жаңалықтар

Kaspi бөлімшесіне шабуыл жасағандар ұсталды

azatmedia

«Бәрің жедіңіздер, мемлекет қазынасына қайтаруды талап етемін!» – Президент жемқорларға 30 күн уақыт берді

azatmedia

72 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден берілді

azatmedia

Пікір қалдыру