Соңғы жаңалықтар

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асқан мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында аудан әкімі жұмыс күнінің бірінші жартысында Жабағылы және Кемербастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты округ аумағындағы түйіткілді мәселелерді анықтап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерімен өтініштеріне сәйкес алдағы уақытта бюжетті жоспарлау барысында бірінші кезекте шешілуі қажетті мәселені нақтылап алу.Жиын барысында Жабағылы ауылдық округі тұрғындарының тарапынан инфрақұрылым, жол, көше жарықтары, спорткомплекс соғу мен орталық саябақты ретке келтіру бойынша өтініштерін білдірді.Кемербастау ауылдық округі халқымен кездесу барысында округ тұрғындарының көп жылдан бері көкейінде жүрген ағынды су мәселесін шешу мақсатында округ аумағынан су қоймасын соғу өтініші қызу талқыланып, ауыл тұрғындары бұл мәселенің бар маңыздылығын алға тартты. Сондай-ақ, Елтай ауылының ақсақалы Мырзагелдиев Әліпбек елді мекеннің медициналық тірегіне қосымша штат беру мәселесін ал, округ орталығының тұрғыны Парманбеков Миятбек есімді ақсақал жол қауіпсіздігіне қатысты біршама ұсыныстарын айтып өтті.Әр тұрғынның ұсынысын зер салып тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге қатысты түсініктеме беріп, өз пікірін жеткізді. Аталған мәселелер зерделеп, ішінен маңыздылығына қарай кезек күттірмейтіні бойынша шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Сонымен қатар, босаңсуға жол бермей карантин режимінің барлық талаптарын қатаң сақтап, қай жерде болсын сақтық шараларының бар маңыздылығын кейінгі буынға түсіндіріп жүруді сұранды. Өйткені, бірінші кезекте тұрғындардың денсаулығы екенің атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Мархабатұлы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауының басым бағыттарының маңызды тұстарына тоқталып, құжатта айтылған әр бағытты бірлесіп іске асыруға шақырды. Және бүгінгі таңда бүкіл әлемді оның ішінде елімізде кең етек жайған жаман індетпен күресте баршамыз белгіленген тәртіпке бағынып, аға буын ретінде кіші буынға үлгі болып, түсіндіру шараларын күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, округ аумағындағы штаттық режимде және кезекші сыныптармен жұмыс жүргізіп жатқан мектеп директорларына карантин шараларын қатаң сақталуын қадағалауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Ұстаздардың тамыз кеңесі өтті

azatmedia

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені қайтыс болды

azatmedia

«БЗЖҚ біріккен тұста өте қызық жағдайда 90 млрд теңге жоғалып кетті» – қоғам белсендісі дабыл қақты

azatmedia

Пікір қалдыру