Балабақша
Ақпарат Басты жаңалықтар

Қазақстанда балабақшалар әзірге ашылмайды

26 қазаннан бастап Қазақстанда кинотеатрлар залдағы орындардың 30 пайызы толатындай көрермен қабылдап, жұмысын бастайды. Киноға келген жұрт арақашықтық сақтап, маска тағуы тиіс. Мұндай шешімді коронавируспен күрес үшін құрылған үкіметаралық комиссия қабылдады, деп жазады Azatmedia.kz ақпарат порталы centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Комиссия шешіміне сай, кинотеатрлар эпидемиологиялық жағдайы тұрақты «жасыл» аймақтарда ғана ашыла бастайды. Бірақ «жасыл аймақтарға» қай облыстар кіретіні нақты айтылмады. Комиссия отырысында экраннан «жасыл аймаққа» Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау облысы, БҚО, ШҚО және Атырау облысы кіретіні көрсетілді.

Бұған қоса, 19 қазандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы, ШҚО, СҚО, БҚО, Ақмола облысы, Қостанай облысында карантин шаралары күшейді.

Қазақстанда кинотеатрлар елде коронавирус тарауына байланысты карантин жарияланғалы, яғни наурыздан бері жабық тұр. 19 қазандағы онлайн-брифингте мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Азаттықтың сұрағына жауап бергенде пандемия басталғалы елдегі киноиндустрия «20 млрд теңгедей шығынға ұшырағанын» айтты.

Комиссия отырысында «жасыл аймақтарда» бизнес субъектілерінің жұмысын біртіндеп жандандыру да айтылды. 25 қазаннан бастап сенбіде сауда орталықтары, сауда үйлері мен жабық базарлар кешкі 5-ке дейін жұмыс істей алады.

Бұдан бөлек үкімет шекаралық пунктерде эпидемиологиялық бақылауды күшейтпек:

Атыраудан Қызылорда мен Оралға әуе рейсі ашылды - Aikyn.kz | Жаңалық  жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
26 қазаннан бастап эпиджағдайға қарай шетелдермен әуе рейстері қысқарады.
ПТР-тест құны сатып әкелінген бағасынан неге қымбат – министрлік жауап  берді - БАҚ Медиа
Шетелден Қазақстанға келген барлық адамнан (Қазақстан азаматтарымен қоса), көлік жүргізушілерден ПТР тест алынады.

Шетелден келген барлық адамның қолында үш күннің ішінде алынған анализ қорытындысы болуы шарт.

19 қазаннан бастап аймақтардың басым бөлігінде ПТР тест бағасын 9 мың теңгеге дейін (21 доллар) арзандайды.

Вопреки запретам: компьютерный клуб работал в Алматы | Almaty.tv
Қазақстанда мектепке дейінгі балалар мекемелері, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, банкет залдары, ойын-сауық орындары жабық қала береді.

Өткен тәулікте Қазақстанда 102 адамнан коронавирус анықталды. 51 адамнан клиникалық белгілері Covid дертіне ұқсас пневмонияға шалдыққаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, наурыздан бері елде 145 мыңнан аса адам індетке шалдығып, екі мыңнан астам адам қайтыс болды.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда шерифтер пайда болуы мүмкін – ІІМ

azatmedia

Елордалық қызметкерлер 316 млн теңге жымқырған

azatmedia

Түркістан: Төлеби ауданында туристер жоғалып кетті

azatmedia

Пікір қалдыру