1111111111111
Қоғам

Алматы: Баласын өлтіріп, денесін тоңазытқышта сақтаған

Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өлімі ашылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпарат порталы «Адырна» сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан.

Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген. Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛАДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia

Шымкент: Конституция күні қарсаңында тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

azatmedia

Пікір қалдыру