газ
Қоғам

ТҮРКІСТАН: Жаңабазар ауылдық округі толықтай көгілдір отынымен қамтылады

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі көгілдір отынымен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жалпы ауылдық округ бойынша 9 елді мекен бар. Олар Жаңабазар, Үлгілі, Қарабастау, Жылыбұлақ, Жаңажол, Тілектес, Жаңаталап және Қазақстанның ХХ жылдығы елді мекендері бүгінгі таңда аталған ауылда толйықтай табиғи газбен қамтылған.

Табиғи газға қосу жұмыстары бойынша бір ғана Жеңіс елді мекені қалған. Аталған елді мекенге 2017 ЖСҚ-на 2,156 млн теңге бөлініп, сараптама қорытындысына сай 112,0 млн. теңге қаржы қаралған.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп аяқталып, тұрғын үйлерге газ қосу жұмыстарын «ҚазТрансГаз» аймақтық акционерлік қоғамының Қазығұрт аудандық филиалы жүргізуде.

Бүгінгі таңда табиғи газға қосылу керек болатын 1853 тұрғын үйден 1723 үй табиғи газға қосылып 93%-ға жетті, алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын тауып, барлық тұрғын үйлер 100 пайыз табиғи газға қосылатын болады. Ауыл тұрғындарын толығымен табиғи газбен қамту үшін әрі қарай жұмыстар жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Оқушылар мектепке қашан барады деген сұраққа министр жауап берді

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН АЗАМАТТАРҒА 178 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

azatmedia

Пікір қалдыру