Тігін шебері
Қоғам

ТҮРКІСТАН: Қарабаулықтар мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсіптерін ашуда

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінің жастары мемлекет тарапына берілген қолдауларды тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікті бастау мақсатында 555 мың теңгелік гранттарына қол жеткізуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлерді, сондай-ақ бастамашыл жастарды қолдау мақсатында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округінің бірқатар азаматтары мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отыр.

Аталмыш бағдарлама яғни нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға  жаңа бизнес- идеяларды іске асыруға арналған мемлекттік гранттар берілуде.

Осындай грантқа қол жеткізгендерді бірі Сынтас елді мекенінің тұрғыны Тасполат Қарлығаш Мақұлбекқызы. 

«Менің қазіргі арманым осы жеке кәсібімді кеңейту, алдағы уақытта үлкен тігін цехына айналдыру», – дейді ол.

Ол 2019 жылыдың желтоқсан айында оқып, яғни 555 мың теңге грантына қол жеткізді. Аталған қаржыға өзіне тігін шеберханасын ашып, қазіргі таңда өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Отбасылық кәсіпке айналған бұл тігін шеберханасы ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұртта ет экспорттау бағыты қарқынды дамып жатыр

azatmedia

ҚАЛА ДӘРІХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛУДА

azatmedia

Айыппұл көлемі 30 есеге жеңілдейді

azatmedia

Пікір қалдыру