Токаев
Ақпарат

ЖЫЛДАҒЫ СЦЕНАРИЙ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына!
Маңдай тері мақтаға тамған Жетісай мен Мақтаарал ауданының шарулары шыдамның шегіне жетті. Бұдан әрі шыдау мүмкін емес. Диқандардың еңбегін еш етіп, қанап жатыр. Кім дейсіз бе?

Мыңдаған адамның мақтасын қабылдап алатын меценаттар, жылда мақта теру науқаны басталарда бағаны қолдан түсіреді. Осылайша, шарулардың еңбегі зая кетіп жатыр.

Қасымыздағы Өзбекстан елі қазір-ақ 250 теңгеден қабылдап алуға дайын. (екі есе жоғары.) Не бағаны көтерсін, не көрші елге сатуға рұқсат беруді талап етеміз. Үкімет көп нәрсені білмейді ғой. Облыс әкімінен бастап барлығы өңірдің «құдайына» айналған мақта меценаттарының сөзін сөйлейді. Өйткені, айналымдағы ақшаны сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Ортақ құдықтан әрқайсысы су ішкісі келеді. Құрметті Президент, Мақтаарал мен Жетісай халқының жанайқайын жерде қалдырмаңыз немесе Өзбекстан мемлекетіне сатуға рұқсат беріңіздер!


Аяз Би Елубай.(Халықтың атынан)

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН АЗАМАТТАРҒА 178 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

azatmedia

«Халық қарғысы» деген медаль шығарып, тарату керек» – журналист

azatmedia

Қазығұрттағы селдің салдары толықтай жойылған

azatmedia

Пікір қалдыру