Караганда
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық шенеунік темекі шегіп басы дауға қалды

«Бүгін Қаскелеңде наразы азаматтар шу шығарды. Бір жағы – үйіне өз қаражатына пеш алып қондырған тұрғындар. Екінші тарап – әкімдік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Бірақ әңгіме бұл туралы емес деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Skif news сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) қызметкеріне, іс-әрекетіне қараңыз. Мәдениетті адам өзін осылай ұстай ма?» делінген жазбада.

Жазбадағы дерек бойынша видеодағы адам қаскелеңдік шенеунік. Ол тұрғындарға дөрекі сөйлеп, темекі тартып, онысын ұзамай лақтырып бейәдеп қылық көрсетті. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды.

Кадр сыртында тұрғындардың «Сіз ақылдысыз да, біз ақымақпыз ба?», «Неге әдеп сақтамайсыз?», «Балалардың ойын алаңына неге темекі тастайсыз?» деген даусы шықты. Шенеунік көп сұрақтарға қолын бір-ақ сілтеді.

Алматы облысы әкімдігіндегілер жағдайға байланысты пікір білдірді. Кадрдағы қызметкер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы екен.

– Бұл жағдай Қарасай ауданында болды. Қаскелеңдегі Төле би көшесінің тұрғындары бірнеше жылдан бері қазандықтың құрылысына наразы бірнеше. Сол жаққа ТКШ бөлімінің бас маманы Ермек Нәбиев барған. Бұл жағдай сол кезде болған. Қазір маман түсініктеме жазып жатыр, әдеп нормалары бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі, – деді Алматы облысы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ БАЙЛАНЫС АНТЕННАЛАРЫН ОРНАТАТЫН 11 ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру