Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

«Биыл Шардара қаласында 40 пәтерлі 4 қабатты екі үйдің құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі» – деп, хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы саны 80 пәтер аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, үй кезегінде тұрған мұқтаж жанұяларға үлестірілетін болады.


Аудандағы іргелі жұмыстардың бірі Шардара қаласындағы жаңа «Әсем» мөлтек ауданын таза ауыз сумен қамту жұмыстары. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мөлтек аудан тұрғындары толық ауыз сумен қамтылмақ.


Сонымен қатар, өңірде «Жол картасы Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Шардара қаласындағы «Үш Арыс» скверін және Жібек жолы көшесін абаттандыру жұмыстары жүруде. Мердігер мекеме – «Б-Н Строй» ЖШС-і. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар: желілік саябаққа плитка жабынын төсеу, қоршау орнату, кіші сәулеттік нысандар қою, көгалдандыру және жарықтандыру. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталса, қыркүйек айында толық аяқталмақ.

Аймақтағы құрылыс саласындағы жұмыстардың бірі – Шардара аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанындағы орталық стадионды жөндеу жұмыстары. Атап айтқанда, стадионның іргетасын қайта құю, қоршауын ауыстыру, жүгіру алаңын бетондап, резина төсеу, көрермендер трибунасын жөндеу жұмыстары аяқталып, ұсақ фракциялы асфальт төселген. Алдағы уақытта футбол алаңын жабдықтау, газон егу, прожекторды іске қосу, жылжымалы кіре беріс қақпасын ауыстыру, жұмыстары жүрмек.


Ал жол құрылысы саласында 2020 жылы Шардара ауданы бойынша «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы – 18,04 шақырымды құрайтын барлығы 21 көшеге орта жөндеу жұмыстарына жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңға Көксу ауылдық округі мен Алатау батыр ауылдық округінде жалпы саны 16 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтбетон төселген. Қалған көшелерге жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық экипаж – «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалында

azatmedia

Ақын жігіт президент алдында елдегі «былықтарды» өлеңмен жайып салды (видео)

azatmedia

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру