Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМ ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппаратының ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсынымды қарады (ҚПК-нің 200-бабы шеңберінде).

Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның орынбасарлары Т.Серікбаев пен Б.Ұзынжас, қала әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қатысты.

Онлайн режимде өткен кездесуде Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Алғаш болып сөз алған А. Жұмағали сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою маңызды басымдық екендігін айтып, әрбір мемлекеттік органның басшысы еңбек ұжымындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға міндетті және мүдделі болуы тиіс деді.

Кездесу аясында іс-әрекеттердің себептері егжей-тегжейлі талқыланып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ұжымдарда парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Өз баяндамасында Б.Ұзынжас қылмыстық істің мән-жайын айтып, алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын ұсынды.

Б.Ұзынжастың айтуынша, Абай ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы сот үкімімен 80 сағат ақысыз қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтан өз материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қоғамдық жұмыс жасады деп мәлімет беріп отыру үшін 20 000 теңге көлемінде ақша талап еткен.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Т. Серікбаев қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігіне тоқталды.
Шара соңында Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Дауренбеков ұсыным бойынша қабылданған шараларға тоқталып, қызметкердің тікелей басшысы қызметінен төмендетілгенін хабарлады.
Айта кетейік, қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға барлығы 51 ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге оның 38-і қаралған.

Қарау нәтижесі бойынша 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 17-сі атқарып отырған лауазымынан босатылды, 2-уі жұмыстан босатылды, 8-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, жеті адамға «қатаң сөгіс», екі адамға «сөгіс» жарияланған.

Қатысты жаңалықтар

ТӨРТ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ЖАЙЫН БАЯНДАДЫ

azatmedia

51 жастағы әйел өз немересіне жүкті болды

azatmedia

Пікір қалдыру